"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды
![](http://kerekinfo.kz/uploads/topics/preview/00/01/56/08/774e6a4dcf_900x600crop.jpg)
![Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/04/2014/12/06/6b4eb5.jpg)
КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты. Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды. 4 жюри тарапынан бағаланған блогерлердің қорытынды рейтингі мынадай:
- ademi_alem — 37,75
- Aya — 35,25
- tomarlik — 34,25
- qonyrbai — 29,75
- NazerkeAbibulla — 24,25
- Basic — 23,25
- AydosRymkul — 21,75
- ErbolAliaskaruly — 13,75
- tauewki — 7,25
- Maqta_qyz — 7
- FaraOn1 — 6,50
- AlmasNakhypbek — 5,50
- Sunshine — 5,00
- Kuralayka — 4,00
- DinarNahypbek — 1,50
4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер:
1-орын: Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы)
2-орын: Ая Өміртай (Астана қаласы)
3-орын: Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы)
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Керек тілші» сайысының қорытындылау 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, белсенділік танытып ондыққа кірген блогерлерге арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріледі.
![Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды](http://kerekinfo.kz/uploads/images/00/00/04/2014/12/06/d724e8c6d0.jpg)
Астана, Д.Қонаев к., 12/1